Талибан билігі бес провинцияда ғаламторға тыйым салды

Талибан билігі бес провинцияда ғаламторға тыйым салды. Енді Ауғанстанның солтүстігінде интернет толық өшіріледі. Ел билігі мұны бейәдеп әрекеттердің алдын алу деп түсіндірді. Шектеу талшықты-оптикалық желіге қатысты, десе де, ұялы байланыс арқылы интернет әзірге қолжетімді. Осы ретте кеңселер мен үйлер желіден ажырап, халық тұрмысы қиындады.