Елімізде су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр

Елімізде су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов осылай деп мәлімдеді. Жерүсті және жерасты суы, гидротехникалық құрылыстар және басқа да су шаруашылығы нысандары туралы деректер цифрландырылады. Жүйе су ресурстарын пайдалану мен қорғауға байланысты шешімдер қабылдау кезінде ашықтықты, аналитикалық қолдауды автоматтандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.