Павел Дуров Қазақстанда ЖИ-зертханасы ашылғанын хабарлады

Павел Дуров Қазақстанда ЖИ-зертханасы ашылғанын хабарлады. «Бір жыл бұрын Қазақстанда алғашқы өңірлік кеңсемізді аштық. Бүгін Alem.ai ғимаратында жасанды интеллект саласындағы арнайы зертхананы ашатынымызды қуана хабарлаймыз. Ең алдымен, біз Telegram және Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері арасындағы бірлескен жобаны жүзеге асырып отырмыз, бұл жоба Жасанды интеллект министрлігімен қолға алынып отыр. Бұл технология миллиардтан астам адамға жасанды интеллект функцияларын құпия түрде, ашық және тиімді түрде пайдалануға мүмкіндік береді”, — деді Дуров Digital Bridge форумында.