Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына қарасты Маралды ауылында 8 ірі қараның өліміне байланысты зерттеу жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына қарасты Маралды ауылында 8 ірі қараның өліміне байланысты зерттеу жүргізілді. Ветеринариялық және экологиялық сараптамалар нәтижесінде су мен топырақтағы қауіпті заттар шекті деңгейден аспағаны анықталды. Қауіпті жұқпалы аурулар мен улану белгілері де тіркелмеген, тек натрий хлоридінің аздаған артықтығы байқалды. Малдың нақты неден қырылғанын анықтау үшін жем-шөп, су және биоматериалдар қосымша зерттеліп жатыр. Эпизоотиялық жағдай тұрақты, жаңа мал өлімі тіркелмеген. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.