Келер жылдың желтоқсан айынан бастап зергерлік бұйымдар толық цифрлық бақылауға алынады.
Алқа, сырға, сақина секілді әшекейлер арнайы QR-кодпен таңбаланады. Соның арқасында сатып алушы олардың қайда және неден жасалғанын бірден көре алады. Министрлік бұл жүйе көлеңкелі бизнесті азайтып, адал бәсекені қалыптастырады деп отыр.
Зергерлердің айтуынша, жаңа талап — бұйымдарды таңбалау артық бақылау болып саналады. Себебі бұл қосымша құрал-жабдық, бухгалтерлік жүйе енгізу және маман жалдау сияқты шығындарды қажет етеді. Сарапшылардың пайымынша, баға 10–15 пайызға, тіпті 40 пайызға дейін көтерілуі мүмкін. Бұл қарапайым тұтынушылардың қалтасына салмақ түсіреді.
