Қазақстанда практик психологтарды мемлекеттік реестрде тіркеу міндеттелмек

Қазақстанда практик психологтарды мемлекеттік реестрде тіркеу міндеттелмек.

Қазір Мәжілісте «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Соның аясында бұл норма енгізіледі. Бұл шара тиісті біліктілігі жоқ жалған мамандардың жұмысын шектеуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы психологтардың клиент құпиясын сақтауы мен тек қызмет алушының мүддесіне сай әрекет етуін міндеттейді. Сонымен қатар психологиялық және медициналық қызметтің ара-жігі нақты ажыратылады.

Депутат Айна Мысырәлімованың айтуынша, бұл заң қызмет сапасын арттыруға бағытталған.