Алматыда тауға шығар алдында туристерді міндетті түрде тіркеу жүйесі енгізіледі.
Бұл шара қауіпсіздікті арттырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектеседі, – дейді қалалық туризм департаментінің өкілдері. Жоба төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы альпинизм федерациясымен бірлесіп әзірленіп жатыр.
Алдағы уақытта топтық жаяу серуендеулер тіркеу арқылы жүзеге асатын болады.
