Астанадағы сотта блогер Ерболат Жанәбілов өзіне тағылған айыптардың бір бөлігін мойындады

Астанадағы сотта блогер Ерболат Жанәбілов өзіне тағылған айыптардың бір бөлігін мойындады.

Ол заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқанын растағанымен, ақшаны жылыстату дерегін жоққа шығарды. Жанәбілов заңды толық білмегенін айтып, салық төлеген жағдайда бәрі дұрыс деп ойлағанын жеткізді.

Әңгіме 560 мың теңгенің депозитке аударылуы туралы болып отыр. Бұл іс әлеуметтік желілердегі көлік пен ақша ұтыс ойындарына байланысты.

Қазір сотта куәгерлерден жауап алынып, процесс ашық түрде жалғасып жатыр.