Алматыда әскери қызметке шақыруға бақылау күшейтілді.
Осы ретте билік жұмыс берушілер мен оқу орындары басшыларының жауапкершілігін атап өтті. Мәліметті уақытында ұсынбағандарға 10-нан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.
Ал әскерден қасақана жалтарғандарға 1000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе бір жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Толық жалтаруға тырысқандарға 3000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Әкімдік өкілдері әлеуметтік желілерде ақшаға «әскери билет» немесе «кейінге қалдыру» уәде ететін делдалдарға сенбеуге шақырды. Шақырудан босату немесе кейінге қалдыру туралы шешімді тек ресми комиссия қабылдайды.
