Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден озды.
Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді. «Мұхтар Шахановтың қайсар мінезі, өр рухы, әділет жолындағы табандылығы мен елдік мүдде алдындағы адалдығы жұрт жадында мәңгі сақталады», – делінген хабарламада.
Белгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов – шоқтығы биік шығармалар жазып, поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастыра білген тұлға. Ол қоғамдағы күрделі мәселелерге үн қосып, ел мен жер тағдырына қатысты пікір білдіріп, азаматтық биік ұстанымның үлгісін көрсете білген.
