Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық жазушысы Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық жазушысы Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Президент жеделхатында Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың қазақ поэзиясын жаңа белеске көтергенін, тіл жанашыры ретінде игілікті істердің бастауында тұрған қоғам қайраткері екенін атап өтті.

Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылып, жалынды жырлары қалың оқырманның сүйікті туындыларына айналды.