Ақтөбе облысында балабақшадағы тәрбиеші мен күтуші үш жасар балаларды ұрып-соққан.
Бұл әрекеттер бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Шындық ашылған соң 12 ата-ана білім басқармасына шағым түсірді. Қазір Шалқар қаласындағы «Болашақ» бөбекжай-балабақшасында анықталған дерек бойынша тергеу басталды. Екі қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілді.
Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы заңбұзушылық расталған жағдайда қатаң шара қолданылатынын мәлімдеді.
