Ақтөбеде карантиндік блок бекетте параны темекімен алған полицей ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараты бойынша құқық қорғаушы жергілікті полицияда жұмыс істейді. Қызметі – патрульдік полицияның инспекторы.
“Полицей 30 мамыр күні 10 800 теңге тұратын “Парламент” темекісінің екі қаптамасын пара ретінде алған. Сол үшін “Магистраль №4″ блок бекеті арқылы арнайы рұқсатсыз өткізуге уәде еткен”, – деді тергеуші Данияр Биғайдаров.
Тергеушінің айтуынша, өз кінәсін толығымен мойындағаны үшін күдікті қамауға алынбаған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда.