Айтуынша, бұл екі ел арасындағы келісімде қарастырылған деп жазады KAZ.NUR.KZ. Пашинян неміс басылымына берген сұхбатында, Арменияда Ресей Федерациясының әскери базасы бар екенін атап өтті. “Арменияда 102-ресейлік әскери база орналасқан, бізде әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай жүйесі бар. Бұл жүйе туралы келісім бұл қарулы күштерді Арменияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жағдайларда қолдануға болатынын нақты анықтайды… Егер мұндай жағдайлар туындаса, Ресей өзінің келісімшарттық міндеттемелерін орындайды деп сенемін”, – деді саясаткер.