Аймағамбетов үшінші тоқсанда дәстүрлі форматта қай сынып оқушылары оқитынын айтты

Келер жылдан бастап 9 және 11 сынып оқушылары сабақты мектепте оқиды. Дәстүрлі форматта оларға ҰБТ мен қорытынды аттестаттаудан өткен пәндер бойынша сабақ беріледі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл өте маңызды шешім. Айта кетейік, олар барлық бағдарламаның 70% -тін мектеп қабырғасында, қалғанын онлайн режимінде оқитын болады. Бұдан бөлек, Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларын коронавирусқа қарсы вакцина егуге ешкім мәжбүрлемейтінін мәлімдеді.