“Қайрат” “Реалмен” өтетін матчтың билеттер сатылымына қатысты мәлімдеме жасады. УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матч 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Орталық стадионда өтеді. «Алдағы “Реалға” қарсы ойынға билеттер түгел сатылып кетті. Стадион аумағына 18:45-тен бастап кірсе болады. Жанкүйерлерге тексеруден еркін өтіп, кезекте тұрмау үшін алдын ала келіңіздер дегіміз келеді. Стадионға үш жақтан, Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі, Байтұрсынов көшесі жағынан кіре аласыздар», – делінген “Қайрат” футбол клубының баспасөз қызметінің хабарламасында.
