Елімізде ажырасудың жаңа ережесі күшіне енді. Бұдан былай ел азаматтары жұбайы үш жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болса, оның келісімінсіз де ажыраса алады. «Іздеу салу туралы сот қаулысы болса, өтінішті АХАТ органдарына беруге болады. Қалған рәсімдер өзгеріссіз қалады», – деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.
