Алдағы 20 жылда Optimus роботы әлемді кедейліктен құтқарады.

Алдағы 20 жылда Optimus роботы әлемді кедейліктен құтқарады.

Америкалық өнертапқыш әрі кәсіпкер Илон Маск осылай деп мәлімдеді. Бұған дейін Tesla компаниясы адам тәрізді Optimus роботын жасап шығарған болатын.

Масктің айтуынша, робот жүре алады, билейді, күреседі, қоқыс шығарады, еден сыпырады, тамақ пісіреді және ең білікті дәрігерден де тиімді жұмыс істей алады.

Роботтың толық өндірісі 2026 жылы басталмақ.