Дубайда әлемдегі ең биік қонақүй ашылды.

Дубайда әлемдегі ең биік қонақүй ашылды.

Ол Ciel Dubai Marina деп аталады. Биіктігі — 377 метр. Қонақүйге алғашқы қонақтар да орналасып үлгерді.

82 қабатты Ciel Dubai Marina қонақүйі 1004 бөлмеден тұрады. Онда әлемдегі ең биік панорамалық бассейн — Tattu Sky ашылды. Ол 310 метр биіктікте, 76-қабатта орналасқан.

Құрылысқа шамамен 540 миллион доллар жұмсалып, бес жылға созылды. Қазіргі таңда әлемдегі ең биік он қонақүйдің алтауы Дубайда орналасқан. Сонымен қатар, БАӘ — биіктігі 150 метрден асатын зәулім ғимараттар саны бойынша әлемдегі көшбасшы елдердің бірі.