Қазақстанда жедел онлайн несиеге тыйым салынды

Қазақстанда жедел онлайн несиеге тыйым салынды. Енді тұтынушылық кепілсіз онлайн-қарыздар беру кезінде “шешім қабылдау” кезеңі енгізіледі. Несиеге өтініш бергендер ақшаны бірден ала алмайды, белгілі бір уақыт күтуіне тура келеді. Банктер мен МҚҰ қарыз алушыға 1 күн ішінде жалпы сомасы көрсетілген лимиттерден асатын бірнеше кредит берілген жағдайда шешім қабылдау кезеңін сақтауға міндетті. Бұл – азаматтарды алаяқтықтан қорғауға бағытталған шара. Қарыз алушыға қаражат шұғыл қажет болса, ол кез келген уақытта банктің немесе МҚҰ бөлімшесіне жүгіне алады.