Жамбыл облысында 11 жыл бойы мемлекетті алдап келген ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды

Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, мемлекетке келтірілген залал сомасы 10 миллиард теңге, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Ведомство мәліметінше, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тергеу жүргізді. Олар қылмыстық топқа 10 адам кіргенін анықтаған. 2009-2020 жылдар аралығында олар жалған шот-фактураларды нақты орындаусыз және тауарларды Таразға жеткізусіз жазып беріп отырған. Ақша екінші деңгейлі банктерде қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотқа жолданды”, – деп хабарлады комитет өкілдері.