Алматыда кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров сотталды

Бұл туралы Медеу ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Сот үкімімен Әбдіғаппаров өзіне сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі мүлікті жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге қаржы ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.