Қазақстан СІМ Самарқанда туристерге электрошокер қолданғаны жайлы ақпаратқа реакция білдірді

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Өзбекстанда қазақстандық туристердің жәбірленуіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл жөнінде “Қазақпарат” агенттігі хабарлады. “Қазақстан сыртқы істер министрлігі не жағдай болғанын түсіну үшін хат жолдады. Біз азаматтарымыздың құқығын қорғаймыз”, – деді Айбек Смадияров. Оның айтуынша, министрлік Самарқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің Қазақстан азаматтарына электрошокер қолданғаны туралы видеоны зерттеген. “Өзбекстан қоғамы құқық қорғау органдарының бұл әрекетін сынап жатыр. Қалай дегенмен, біз жағдайды бақылап отырмыз”, – деп мәлімдеді СІМ өкілі. Оның айтуынша, Самарқан құқық қорғау органдарында қызметтік тексеріс басталған, туристерге электрошокер қолданған қызметкерлер жұмыстан шығарылған.