Елімізде «Цифрлық бақылау» жүйесінің мүмкіндіктері кеңейтіледі. Бұдан былай елдегі борышы бар кез келген адамды көшедегі камералар түсіріп алады. Тіпті халыққа қызмет көрсету орталығына барғандардың тұлғасы бірден тексеріліп, борышкерлер әп-сәтте анықталады. Әділет министрлігінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлайды. Бұл жобаны Әділет министрлігі, Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасы мен Бас прокуратура бірге жүзеге асырып жатыр. Былтыр іздеуде жүрген борышкерлер саны 4560 адам болған. Оның тең жартысына жуығының тұрғылықты мекенжайы анықталды.
