Алматыда коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Алматыда коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Қалада қар тәулік бойы тазалануда. Мегаполисте кешеден бері қар тоқтаусыз жауып жатыр. Бүгінде қардың қалыңдығы 17 сантиметрге жетті.

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, көктайғақтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелерге мұзға қарсы материалдар себілуде.

Қар тазалауға 75 жедел бригада, 3 мыңға жуық жол қызметкері және 1225 арнайы техника жұмылдырылды. Қаланың магистральдық көшелерінде 203 аралас жол техникасы жұмыс істеп жатыр.