Атырауда АИТВ инфекциясына шалдыққан екі адам жыныстық қызмет көрсеткені анықталды.
Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әдейі ВИЧ жұқтыру дерегін тіркеді. Қазір іс бойынша бір күдікті бар, ол сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов хабарлады.
Айта кетейік, Атырау қаласында 23 және 28 жастағы екі азамат былтыр желтоқсан айынан бастап өздерінде АИТВ инфекциясы бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.
