Алматыда LRT желісіне арналған депо салынады

Алматыда LRT желісіне арналған депо салынады. Жаңа депо «Алматы-2» теміржол вокзалын «Барлық» және «Шығыс» көлік тораптарымен байланыстырады. Қазір ұзындығы 32,5 шақырымға тең LRT желісіне арналған техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Бұл Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі кеңесте белгілі болды. Сонымен қатар қазіргі метро желісін «Қалқаман» станциясынан «Барлық» көлік тораптарына дейін ұзарту және екінші желіні — «Жібек жолы» станциясынан әуежайға дейін салу дайындалып жатыр. Келешекте «Сайранды» Алатау қаласымен байланыстыратын үшінші тармақты дамыту жоспарда бар. Бұдан бөлек, Желтоқсан көшесі мен Райымбек батыр даңғылы бойымен BRT салу, сондай-ақ «Алматы-3» теміржол вокзалының құрылысына қатысты мәселелер талқыланып жатыр. Алматыдағы «Қалқаман» метро станциясының құрылысы қаржы тұрақты түрде бөлінсе, 2026 жылдың бірінші жартысында аяқталуы мүмкін.