Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.

Оқиға жоспарлы оқу-жаттығу кезінде болғанын Қорғаныс министрлігі хабарлады. Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасап үлгерген. Ұшқыштар аман-есен, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта олар медициналық мамандардың бақылауында.

Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына ешқандай қауіп жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін ведомствоның арнайы комиссиясы құрылды. Комиссия құрамына авиациялық қызметтің мамандары кірген, ал оны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады.

Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.