Астана – Анкара бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстер ашылады.

Бұл туралы Fly Arystan әуе компаниясы хабарлады. Қазақстан мен Түркия астаналары арасында рейстер 23 мамырдан бастап іске қосылады. Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компанияларымен бірлесіп халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жолаушыларды Airbus-320 типті әуе кемелері тасымалдайды.