«Астана – Жезқазған» бағытындағы Talgo пойызы Қызылордаға дейін ұзартылады.

«Астана – Жезқазған» бағытындағы Talgo пойызы Қызылордаға дейін ұзартылады.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа бағыт елдің орталық және оңтүстік өңірлерін тікелей байланыстырады. «Астана – Қызылорда» пойызы күнара қатынайды. Бір сапарда 400-ден астам жолаушы тасымалданады.

Talgo пойызында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы бейімделген орындар қарастырылған, сондай-ақ олар үшін жолақыға 50% жеңілдік ұсынылады.

Айта кетейік, жол жүру уақыты 7 сағатқа қысқарды.