УЕФА «Қайраттың» стадионына 81 ескерту жасаған.
Бұл ескертулер Орталық стадионның техникалық және қауіпсіздік талаптарына сай келмеуіне байланысты берілген. Бұл туралы алматылық «Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, «Селтикке» қарсы матч алдында клуб өкілдері УЕФА мамандарымен бірлесіп жұмыс істеп, бірқатар кемшіліктерді түзеткен.
«Нәтижесінде ескертулер санын 81-ден 21-ге дейін қысқарттық. УЕФА үшін ең басты талап — қауіпсіздік. Олар стадионға артық адам кіргізуге қарсы, әсіресе өту жолдарының бос болуын қатаң бақылайды», — деді Боранбаев.
