Израиль мен ХАМАС Газа секторындағы соғысты тоқтатады. Қос тарап бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңі аясында осындай келісімге келді. Мұны бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп хабарлады. “Бұл барлық тұтқынның босатылатынын және Израиль өз әскерін келісілген шепке дейін әкететінін білдіреді”, – деп жазды Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Трамп және келіссөздерге арағайындық жасаған Қатар, Мысыр және Түркияға алғысын білдірді.
