Атырауда 1 миллион теңгеге жуық айыппұлы бар көлік иесі ұсталды

Төленбеген 37 айыппұлы бар шетелдік автокөлік айып тұрағына қойылды. ЖБО-ның бейнебақылау қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі арқылы Грузия елінде тіркелген Chevrolet автокөлігін борышкер ретінде анықтаған. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.