Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ет бағасына қатысты мәлімдеме жасады.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ет бағасына қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, еттің құны енді өспейді. Қазіргі таңда баға тұрақты, әрі жақын арада қымбаттауы екіталай.

Министр бұған дейін ет бағасының өсуіне шетелдік сұраныстың артуы себеп болғанын атап өтті. Қазір бұл үрдіс тоқтап, жағдай тұрақталған.

«Елде азық-түлік қоры жеткілікті. Енді өңір әкімдіктері тұрақтандыру қорын дер кезінде толықтырып, қыс пен көктемде тапшылықты болдырмауға тиіс. Бұл базар мен дүкендердегі бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді», — деді министр.