Әлеуметтік желілерде елде белгісіз вирус тарады деген ақпарат тарады. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті растамады.
«Қазіргі мониторингке сәйкес, тұмау және басқа да респираторлық аурулар өршіп тұрған жоқ. Бұл — маусымдық кезеңге тән жағдай. Тұмаумен қатар COVID вирусы да айналымда жүр. Ол — тез жұғатын, омикронның басқа типі. Бірақ алаңдауға негіз жоқ, себебі аурудың ауыр халге өту жағдайы сирек кездеседі», — деді Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Манар Смағұл.
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты екенін мәлімдеді.
