Қазақстан шетелдіктердің елге кіру және жұмыс істеу тәртібін жеңілдетіп отыр

Қазақстан шетелдіктердің елге кіру және жұмыс істеу тәртібін жеңілдетіп отыр.

Виза рәсімдеу мен рұқсат алу процестері оңтайландырылып жатыр. Шетелдік инвесторлар мен білікті мамандар үшін ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау, инженерия және креативті индустрия салаларында жеңілдетілген шарттар қарастырылған.

Жыл басынан бері еңбек иммигранттарына 75 мыңнан астам рұқсат берілді. Сонымен қатар, тұрақты тұруға рұқсат беру тетігі де жаңартылып жатыр. Бұл өзгерістер көші-қон үдерістерінің ашықтығын арттыруға бағытталған.