Қазақстанда банктер борышкерлерден қалған мүлікті үш жыл ішінде сатуға тиіс

Қазақстанда банктер борышкерлерден қалған мүлікті үш жыл ішінде сатуға тиіс. Одан артық мерзімге банк өз балансында мүлікті ұстай алмайды. Банктер туралы жаңа заң жобасына осындай талап енгізілді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осылай деп хабарлайды. «Активтерді басқару тиімділігін арттыру үшін өндіріп алған мүліктің банк балансында болуын үш жылдан аспайтын мерзімге шектеу белгіленді. Бұл банктердің «жылжымайтын мүлік холдингтері» немесе «зауыт иелеріне» айналмауы үшін қажет, олар негізгі қызметі – қаржылық делдалдыққа ден қоюы керек», – дейді агенттік.