Әйелдердің зейнет жасы ерлермен теңестіріледі

Әйелдердің зейнет жасы ерлермен теңестіріледі.

Бұл шешім азаматтардың болашақта лайықты деңгейде төлем алуына бағытталған. Әзірге бұл процесс 2031 жылға дейін уақытша тоқтатылған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай осылай деп мәлімдеді.

Қазір әйелдердің зейнетке шығу жасын кезең-кезеңімен 63 жасқа дейін көтеру мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Сонымен қатар әлеуметтік қиындықтарды азайту үшін «Күміс жас» бағдарламасы іске қосылып, жұмыс берушілерге егде жастағы қызметкерлерді қабылдағаны үшін субсидия беріледі.