Қазақстанда шетелдік ЖОО филиалдарына жаңа талаптар қойылады.
«Педагог мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында маңызды жаңалықтар қарастырылған. Аталған заң Парламент Мәжілісінде мақұлданды.
Енді шетелдік университет филиалдары тек бас университеттің ресми шешімімен ашылады. Олардың дипломдары бас университеттің дипломымен тең мәртебеде болуы тиіс. Сонымен қатар білім мазмұны Қазақстанның мемлекеттік стандарттарынан төмен болмауы және халықаралық аккредитациядан өтуі қажет.
