Қазақстанда жеңілдетілген салық режимімен жұмыс істеуге рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі бекітілді

Қазақстанда жеңілдетілген салық режимімен жұмыс істеуге рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі бекітілді.

Құжатқа 40 қызмет түрі енгізілді. Арнаулы салық режимін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қолдана алады. Қаулы келер жылдан бастап күшіне енеді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, жеңілдетілген режимде жұмысын жалғастырғысы келетін кәсіпкерлер салық органдарына хабарлама тапсыруы тиіс.

Жаңа Салық кодексіне сәйкес, қарапайым декларация негізіндегі арнаулы салық режимі тыйым салынған қызмет түрлерінен басқа барлық кәсіп иелеріне қолжетімді.