Қазақстанда энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға сатқандар айыппұл төлейді.
Энергетикалық ішімдіктердің айналымына қойылатын талаптарды күшейтетін тиісті түзетулер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілді.
Энергетикалық сусындарды 21 жасқа дейінгі тұлғаларға сатқаны үшін салынатын айыппұл мөлшері мынадай:
- Жеке тұлғалар – 30 АЕК
- Шағын бизнес – 50 АЕК
- Орта бизнес – 80 АЕК
- Ірі бизнес – 200 АЕК
Бұл — алғаш рет бұзған жағдайда қолданылатын айыппұл сомасы.
