Бүгіннен бастап еліміздегі барлық банк бірыңғай QR жүйесіне қосылды.

Бүгіннен бастап еліміздегі барлық банк бірыңғай QR жүйесіне қосылды.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл туралы Алматыда өтіп жатқан Орталық Азия саммиті барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, осы күнге дейін кейбір банктер бұл жүйеге технологиялық тұрғыда қосыла алмаған еді. Енді ресми келісім жасалып, барлық банк бірыңғай жүйеге қосылды.

Бұдан былай қазақстандықтар кез келген жерде кез келген банктің мобильді қосымшасы арқылы QR-кодпен төлем жасай алады.