Германияда қаза тапқан қазақстандық судьяға қатысты іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Ішкі істер министрлігі аталған қылмыстық істің тергеу барысына қатысты түсініктеме берді. Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділовтің айтуынша, халықаралық деңгейдегі өзара іс-қимыл мәселелері Бас прокуратураның құзыретіне жатады. Себебі бұл орган шетелдік құқық қорғау органдарымен тікелей ынтымақтастық жүргізуге өкілетті.
Оның мәлімдеуінше, Германияда адам өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанымен, Қазақстанда бұл іс дене жарақатын салу және азаптау фактілері бойынша тіркелген. Іс жәбірленушінің туыстарының өтініші негізінде қозғалған.
Қазіргі таңда бірнеше сараптама тағайындалған.
