Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жоспарын қолдап, оны орындауға шақырды. Ол араб және мұсылман елдерінің бейбітшілікке қол жеткізудегі рөлін ерекше атап өтті. Ақ үй ұсынған 20 тармақтан тұратын жоспар Израиль әскерін Газадан шығарып, кепілге алынған адамдарды босатуды көздейді. Келісім орындалуы үшін 72 сағат беріледі. Аталған жоспарға бірнеше ислам елдерімен қатар Қазақстан да қолдау білдірді. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлайды.
