Алматыда өткен Чемпиондар лигасы матчы барысында “Қайрат” футбол клубы мадридтік “Реалдан” 0:5 есебімен ойсырай жеңілді. Алғашқы үш голды Килиан Мбаппе соғып, хет-трик жасады, қалған екі голдың авторлары – Эдуардо КамавИнга мен БраИм ДИас. Матчты көруге Қазақстанның өзге өңірлерінен және шетелден ондаған мың жанкүйер жиналды. Туристердің негізгі бөлігі Қытай, Үндістан, Ресей және Еуропа елдерінен келген. Сарапшылардың айтуынша, әр шетелдік турист Алматыда орта есеппен 1500 АҚШ долларын жұмсаған. Бұл жағдай қаланың шағын және орта бизнесіне оң әсер етті.
