Елімізде зейнетақы жинағын алу шегі тағы көтерілуі мүмкін

 

Елімізде зейнетақы жинағын алу шегі тағы көтерілуі мүмкін.

Қазір зейнетақы жинағына қатысты жаңа есептеулер жүргізіліп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жеткіліктілік шегін көтеру жоспарына қатысты пікір білдірді.

«Ұлттық банкпен және мемлекеттік органдармен консультациялар өтіп жатыр. Қандай деңгейге көтерілетінін қазір нақты айта алмаймын. Шешім қабылданған кезде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлаймыз. Біздің міндет – азаматтарды қартайғанда лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету. Логикасы қарапайым. Мамыр айының соңына қарай белгілі бір шешімге келеміз деп ойлаймын», – деді Тұяқбаев.