Блогер Андрей Буримге халықаралық іздеу жарияланды.
Ол Mellstroy деген лақап атпен танымал. Сот Беларусь Республикасының азаматы Буримге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. ҚМА тергеуді бастады.
Блогер әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан пайдаланушыларын да нысанаға алған. Ол онлайн-казино «Mellstroy.game» платформасын заңсыз ілгерілету мақсатында ауқымды жарнамалық науқан ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Онлайн-казиноны жарнамалау үшін түрлі ұтыс ойындары мен челлендждер жариялаған.
Бұған дейін Бурим Ресей Федерациясында тікелей эфир кезінде адамды ұрып-соққаны үшін жауапқа тартылған. Сонымен қатар, биыл қараша айында Беларусь Республикасының Минск қалалық соты блогердің барлық платформалардағы арналары мен оның логотиптерін экстремистік материалдар деп таныды.
