Ел өңірлерінде ашылатын жаңа казиноларға тек шетел азаматтарының кіруіне рұқсат етіледі.
Қазақстан азаматтарына бұл казиноларға кіруге болмайды. Аталған талапты казино орталықтарының өздері бақылауы тиіс. Бұл туралы Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев мәлімдеді.
Қазірдің өзінде казиноға кіру үшін адамдардан міндетті түрде құжат (жеке куәлік немесе төлқұжат) сұралады. Осы арқылы база борышкерлер мен құмар ойынға тәуелділерді анықтайды. Шетелдік немесе қазақстандық азаматтарды ажырату тетігі де қарастырылған, – деді Серік Жарасбаев.
Оның айтуынша, казиноға заңсыз кіруге талпынғандарға қомақты айыппұл салынады. Ал егер казиноның өзі заңсыз әрекеттерге жол берсе, оның лицензиясы қайтарылады.
