Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сеулдің орталық аудандық соты осындай үкім шығарды. Былтыр қаңтарда бұрынғы президент Юн Сок Ёльге 2024 жылдың 3 желтоқсанында алты сағатқа созылған әскери жағдайды қысқа мерзімге енгізгеннен кейін көтеріліс ұйымдастырды деген айып тағылған болатын.

Қорытынды сөзінде Юн Сок Ёль президенттің төтенше жағдай жариялау конституциялық құқығын жүзеге асыруды көтеріліс деп санауға болмайтынын айтып, өзінің кінәсіз екенін қайталады.