Енді рөлде телефонмен сөйлескендерді камералар анықтайды.
Бұған дейін бейнебақылау камералары жолдағы алты түрлі заң бұзушылықты ғана тіркей алатын. Енді басқа тәртіп бұзушылықтарды анықтау үшін полиция қызметкерлеріне жаңа технологиялар көмектеседі.
Автоматты камералар көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу немесе қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты заң бұзушылықтарды тіркей алады. Сонымен қатар, мемлекеттік деректер базасы да қолданылады. Оның көмегімен көліктің техникалық тексеріс мерзімі өтіп кеткенін немесе сақтандыру полисінің жоқ екенін анықтауға болады.
